Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуі ұрлап кеткен": Ақтөбе облысында 23 жастағы қыз 4 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысында Хромтау қаласының тұрғыны 23 жастағы Валерия есімді қыз 30 тамыздан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе Таймс басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Depositphotos

Валерияның анасы қызын ажырасуды жоспарлап жүрген күйеуі ұрлап кеткенін айтады.

"30 тамыз күні кешке қызым Валерия достарымен серуендеуге кетіп, қайта оралмады. 1 қыркүйекте полицияға арыз жаздым", – дейді Валерияның анасы Юлия.

Әлеуметтік желілердегі ақтөбелік парақшаларда да қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат жарияланған. Юлия қызының өмірі үшін қорқатынын атап өтті.

"Валерияның күйеуі маған таңғы сағат 7-де қоңырау шалып, "Енді оны көрмейсіңдер!" деді. Ал 3 қыркүйек күні түнгі сағат 02:18-де Валериядан кейінірек телефон соғатыны туралы хабарлама келді. Ал таңертең "Анашым, ол мені ұрып жатыр. Мен қайда екенімді білмеймін" деген жаңа хабарлама келді", – дейді қыздың анасы.

Валерияның қайда әлі де белгісіз. Анасының айтуынша, Валерия күйеуімен ажырасқалы жүрген екен. 


"Ажырассаң ажалың менен болады" деді": Индира Елемес күйеуінен қорлық көріп жүргенін айтты


"Олар бір жылға жуық бірге тұрады. Қаңтар айында ресми түрде үйленді. Балалары жоқ. Біз екі айға жуық жақсы өмір сүрді. Күйеуі еш жерде жұмыс істемейтін және жұмыс істегісі де келмейтін, осыған байланысты отбасыда кикілжің пайда болды. Олар ажырасуды жоспарлап жүрген", – дейді Юлия.

Жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

“Орналасқан жерін анықтау бойынша жедел шаралар жүргізілуде. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз сиқыршы емеспіз, іздейміз. Полицияда әзірге нақты ақпарат жоқ", – дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әйелді бұрынғы күйеуі ұрлап кеткені туралы жазған едік.

Талқылау