Елордалық әйел өзіне емес, күйеуі мен баласына киім ұрлаған
Елордалық полицейлер Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында киім ұрлаған 28 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел DeFacto және Waikiki бөлімдерінен заттарды алып кеткен.
"Заттарды таңдап, әйел оларды шешінетін бөлменің кабинасына кіргізіп, магнитті клиптерді қайшымен кесіп, заттарын сөмкесіне салып, дүкеннен кедергісіз кетіп қалды. Ерлер мен балалар киімі көп. DeFacto дүкенінен ерлер сөмкесі, үш шалбар мен әйелдер шалбарын және жемпірін алып шықты. Waikiki дүкенінен балалар заттарын ұрлады", - деді полицияда.
Полиция бөлімінде әйел кінәсін мойындап, ұрланған заттарды күйеуі мен баласына бермек болғанын айтты. Барлық ұрланған заттар тәркіленді.
Қазір әйелдің астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысты бар-жоғын тексеріп жатыр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған