"Күйеуден жолы болған": Блогер Ерболат Жанәбілов әйеліне ерекше тосынсый дайындады
Еліміздегі ең табысты блогер Ерболат Жанәбілов әйелі Эльмира Төлегеноваға ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Желі жұлдызы көктем мерекесінде 10 жыл отасқан жұбайына үйленуге ұсыныс жасады.
“Студент кезімізде өзіміз тапқан ақшамыз болмады. Бірақ армандарымыз асқақ еді. Сол кезде қаржылық жағдайымыз түзелген соң той жасаймыз деп уәде берген едік. Алайда уақыт өтіп жатты, мүмкіндік болмады. Біз жай ғана некеге тұрдық. Үйлену туралы әсерлі ұсыныс ақыры бұйырмады. Міне, қол ұстасып жүргенімізге 12 жыл, отбасы болғанымызға 10 жылдан кейін біз той жасаймыз деп шештік. Жақында – үйлену тойы. Оның бәрін Ербол ұйымдастырып жатыр", – деп жазды Эльмира Төлегенова.
-
Қырғызстанда той мен жерлеу рәсімдеріндегі ысырапшылдыққа тыйым салынбақ
-
"Балаларына физикалық жаза қолданады": Америкалық жұп әлемді ақырзаманнан құтқармақ
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогерлер отбасына бақыт тілеп жатыр.
“Соны түсініп, қадіріне жетіп отырған Ера, жарайсың! Көп еркек дымы жоқта үйленіп, әйелімен бірге қанша қиындықтан бірге өтіп, байып кеткен кезінде жас тоқалға жүгіреді”, “Неге сонша ысырап еткен?!”, “10 мың 1 раушан гүлі сияқты”, “Күйеуден жолы болған әйел”, “Өмірдегі ақ боз ат мінген жалғыз ханзада”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, қазақстандық жұп үйлену тойын екі баласы дүниеге келгеннен кейін жасағанын жазған едік.