Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіт қалыңдығының көйлегі үшін өз анасын тойдан қуып шықты

WeddingDressBlue атты Reddit қолданушысы анасын тойдан қуып шыққаны туралы жазған. Сөзінше, анасы қалыңдығының көйлегін суретке түсіріп, рұқсатсыз әлеуметтік желіге жариялап жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап. 

көйлек

Бастапқыда қалыңдық болашақ күйеуінің анасына той көйлегінің суретін әлеуметтік желіде жариялауға тыйым салған. Ол әкесі мен күйеуін таңғалдырмақ болыпты. Алтарьға келген сәтін түсіру үшін арнайы фотограф та жалдаған. 

Тыйымға қарамастан, әйел тойға 30 минут қалғанда келінінің той көйлегін киіп тұрған суретін әлеуметтік желіде жариялап жіберген. Сурет туралы хабарламаны тойдың барлық қонақтары алған. Нәтижесінде тосынсыйдың шырқы бұзылды дейді. 

"Менің әйелім бұл туралы мерейтойдан кейін ғана білді. Себебі алтарьға шықпас бұрын дайындықпен қолы босамады", – деді күйеу жігіт. 

Шіркеудегі шара аяқталған соң ер адам анасын тойдан қуып, банкетке келуіне тыйым салған. 

"Мен анамның өмірімде болмағанын қалаймын", – деп қосты ол. 

Анасының артынан тойдан күйеу жігіттің қарындасы, әкесі мен отбасының бірнеше мүшесі кетіп қалған.

Талқылау