Құралай Нұрқаділова ұлын әскерде қызмет етуге жіберді (фото)
Құралай Нұрқаділова ұлы Нұрзаманды әскерге қызмет етуге жіберді. Танымал сәнгердің пайымынша, нағыз азамат сарбаз болып, Отан қорғаудың не екенін жете түсінуі қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Құралай Нұрқаділованың бір ұл, екі қызы бар. Сәнгер перзенттерін өз тегіне жаздырған. Сондай-ақ, ұлы Нұрзаманның есімін әкесі Заманбек Нұрқаділовке ұқсастырып қойған.
Әдетте әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы жасаған жұмысын ғана көрсететін сәнгер отбасы туралы көп айта бермейтін. Ал бұл жолы балалары туралы сыр ашуға өзіндік себеп те бар. Сәнгер ұлы Нұрзаманды әскерге қызмет етуге жібергенін айтты. Айтуынша, Отан алдындағы парызды өтеу – Нұрзаманның өз қалауы.
“Бұл мерекені балаларыммен бірге өткіздім. Ұлым әскерден бір күнге сұранып шықты. Менің ұлым әскерде қызмет етемін деп шешті. Менің ойымша да, ер адам сарбаз болудың не екенін білуі керек”, – дейді сәнгер.
Тағы оқыңыз:
Желіде Павлодар облысы әкімінің ерекше ұлттық киімі қызу талқыға түсті
5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен (фото)
Астана орталығында 500 домбырашы Құрманғазының әйгілі күйлерін орындады (видео)
Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты