Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана орталығында 500 домбырашы Құрманғазының әйгілі күйлерін орындады (видео)

Астанада «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда 500 домбырашыдан құрылған оркестр Құрманғазының күйлерін орындады, деп хабарлайды Stan.kz.

Астана орталығында 500 домбырашы Құрманғазының әйгілі күйлерін орындады (видео)

Сурет: Қазақпарат

Домбырашылар Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай» және «Балбырауын» күйлерін орындады.

Қазақпарат мәліметінше, оркестр құрамындағы ең жас домбырашы 10 жаста болса, ең үлкені – 74 жаста.

«Олардың барлығы – елорда тұрғындары. Арасында Қазақ ұлттық өнер университетінің, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, агротехникалық университеттің студенттері, Оқушылар сарайының және №3 музыкалық мектептің оқушылары бар», – дейді флешмобты ұйымдастырушылардың бірі Жаңарған Құралұлы.

Оқи отырыңыз:

Бауыржан Байбек: Біз Алматыны әлемнің үздік мегаполисіне айналдырамыз

АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады (видео)

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Мектеп бітіру үшін 100 мың теңге: Алматы тұрғыны мектепте ақша жиналып жатқанын айтып шағымданды

Талқылау