"Күніне 150 мың теңге": Әнші Салтанат Бақаева қаламақысын жасырмай айтты
Отандық әнші, кино және театр актрисасы Салтанат Бақаева “Ұйқым келмейді” бағдарламасында негізгі табыс көзі және гонорары туралы ашып айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/saltanat_bakayeva
“Ризығымның ұзату тойдан келіп жатқаны рас. Ол да кездейсоқ шыққан дүние. “Қыздарды ұзатуға арналған ән жазайыншы” деген ой болған жоқ. Өзімнің құрбым тұрмысқа шығып жатқанда күйеуім Нұржан бара алмай қалды. Мен жалғыз барған соң халық бәрібір ән сұрайды ғой. Сұраныс жақсы. Әр адамның өз ризығы болады ғой. Біреумен салыстырудың да қажеті жоқ. Өзіме тиесілі дүниені алып жатырмын. Тойға шығатын гонорарым – 1 миллион теңге.
Өнер иесі өзін гонорары жоғары актрисалардың қатарына жатқызбайды.
“Менің гонорарым көп емес, жоғары баға қоймаймын. Менің дәрежемдегі актрисалар менен көп қаламақы сұрап жатады. Қазір бір гонорар қойдым, тіпті жеңілдік те жасаймыз. Тағы да жеңілдік сұрайтындар бар. Ал ол мен үшін тиімсіз. Менің де отбасым бар. Кино, түсірілім өте көп уақыт алады. Кинода қаламақы түсірілім күніне байланысты. Бір күнге 150 мың теңге. Бұл – актерлердің қоятын орташа бағасы”, – дейді ол.