Күн суыта бастайды: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде солтүстікте ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақ жауады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейтіні айтылған.
Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"