Күн ыстықта балмұздақ жеудің зияны туралы дәрігер айтты
Оториноларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев аптап ыстықта балмұздақ жеудің зияны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балмұздақты көп жеу фарингитке немесе жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінің қабынуына әкелуі мүмкін.
Маман сондай-ақ балмұздақты тамақ ауруына ем ретінде қолдануға қатысты пікір білдірді.
Дәрігер балмұздақ тамақ емдеудің балама нұсқасы бола алмайтынын айтады.
“Қатты ыстық кезде, шырышты қабық қызып тұрған кезде, адам балмұздақ жейді, тіпті мөлшерден көбірек жеуге тырысады, бұл тиісінше қабынуды тудырады, өйткені шырышты қабық мұндай қарама-қайшылыққа шыдамайды”, – дейді оториноларинголог Владимир Зайцев.
Дәрігер бір уақытта бір порциядан артық жемеуге кеңес берді.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен