“Қуып жүріп атқан”: Руслан Берденовке қастандық жасалған сәттің видеосы көрсетілді

Видеодан скрин
Сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалған сәт түсірілген бейнежазба көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрларда Руслан Берденовтің жұмысынан шығып, баспалдақпен төмен түсіп, көлігіне қарай бет алғаны көрінеді. Сол сәтте оған ақ жейде киген, қолында мылтық ұстаған Ернар Жиембай жүгіріп келіп, оқ атады. Берденов оң жаққа қарай қашып, жасырынуға тырысады, ал қарулы адам оны артынан қуады.
Кейін Жиембайға қарай автокөлік жылдам жақындап, тоқтайды. Дәл осы кезде жүргізуші көліктен шығады, ал қарулы адам жерге құлайды.
Сотқа айғақ ретінде Жиембай атқан "Сайга" маркалы аңшы мылтығы да ұсынылды.
Еске салсақ, осыған дейін сот отырысы кезінде Руслан Берденовтың алған жарақаттары көрсетілгенін жазған едік.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?