Қостанай облысында полиция қызметкері өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қостанай облысында полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен әріптесі әрі жұбайы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қараша күні таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Оны өлтірді деген күдікке полицейдің жұбайы ілініп отыр. Себебі екеуі ажырасатын уақытты күтіп жүрген. Оның үстіне екеуі де полицияда жұмыс істеген.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Екі бала анасыз қалды. Қылмыстық істі тергеуді ішкі істер министрлігі өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"