Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құдайдың көмегі: Австралиялық азамат бір аптада екі рет лотереядан жүлделі болды

Сидней маңындағы Бонди қаласының тұрғыны аптасына екі рет лотереядан ұтыс ұтып, жүлделі болды. Алайда, ол өзіне үй сатып алу үшін оған әлі де ақша жетпейді екен.

Құдайдың көмегі: Австралиялық азамат аптасына екі рет лотереядан жүлделі болды
Бұл туралы Pedestrian басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Есімін жасырын қалдырғысы келген 40 жастағы австралиялық азамат алғашында шамамен бір миллион, ал екіншісінде – 1,4 миллионға жуық Австралия долларын ұтып алды. Нәтижесінде оның ұтысы 2,48 миллион австралиялық долларды құрады, ол шамамен 12,4 миллион теңге.

Ер адам бұл ұтысын қалыпты түрде қабылдады. Ол “Құдайдың көмегінің” арқасында табысқа кенелгенін айтып, лотерея ойнайтын ойыншыларға ешқандай кеңес бере алмайтынын мойындады.

Ұтыскер бұл қаражатты «ақылмен жұмсауға» ниетті екен. Бірақ ол ұтысының жарты бөлігіне сәнді жаңа көлік алып, ақшасын жұмсап қойған. Ал қалған қаражатын Гавайи аралдарына демалысқа баруға жұмсап, туған қаласы Бондиден үй сатып алуды жоспарлап отыр. Дегенмен журналистер ол бүкіл жүлдесін жинаған күннің өзінде тек тоңазытқыш қана сатып алуға шамасы келетінін атап өтті. Себебі, бұл ауданда жылжымайтын мүліктің бағасы шарықтап тұр екен.

Тағы оқыңыз: 

Ғалымдар: Адам жас денеде 130 жасқа дейін өмір сүре алады

Екі аяғы жоқ 70 жастағы азамат Эверестті бағындырды

Тоғыз жасар блогер кедейлердің өміріне күлемін деп, анасын жұмысынан айырды (видео)

Владимир Ким Англияның ең бай адамдар қатарына кірді

 

 

Талқылау