Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын тізе бүктірді
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-7-2) Атырауда аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship 3 турнирінде хедлайнером атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Хамитов тек нокаутпен жеңіске жетіп жүрген ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен Хамитов бірінші раундта-ақ қарсыласын тізе бүктірді.
Осылайша Қуат Хамитов кәсіпқой мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізсе, Василий Бабинцев жетінші рет жеңіліске ұшырады. Еске салайық, бастапқыда Хамитов MFC 3 турнирінде украиналық Зака Фатуллазадемен (19-12) жұдырықтасады деп жоспарланған еді, алайда виза мәселесінің салдарынан ол Қазақстанға келе алмады.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі

