Қуат Хамитов мансабындағы 25-ші жеңісіне жетті
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов Атырауда өткен Mergen FC 4 жарысында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл – оның ММА октагонындағы 25-ші жеңісі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуат "Найман" Хамитовтың қарсыласы Өзбекстан өкілі Бобур Абдулазизов болды. Жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды, қазақстандық қарсыласына тұншықтыру әдісін қолданды.
Бастапқыда "Найманға" қарсы ресейлік Акоп Степанян шығуы керек еді. Бірақ құқықтық мәселелерге байланысты ресейлік спортшы бұл кездесуге қатыса алмады.
Хамитов үшін ММА кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне жетті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

