AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуаңшылық кезінде құрбандық шалған дұрыс па: Бас мүфти жауап берді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы “қуаңшылық пен жұт жағдайында құрбандық шалу дұрыс па?” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шопан ата" қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев құрбандық шалмауды, мал басын сақтап қалуды және зардап шеккен өңірлерге көмектесуді ұсынған еді. Бұған не айтасыз?", – деген сұрақ қойылды.

Бас мүфтидің айтуынша, діни басқармаға мұндай ұсыныстар бірнеше адам тарапынан айтылған.

"Дегенмен, шариғат ережелерден, талаптардан тұратыны баршамызға белгілі. Алла тағала қасиетті Құранда Кәусар сүресінде "Алла үшін намаз оқы және құрбандық шал" дейді. Осы аяттағы бұйрық жағдайы келген әрбір мұсылманға құрбандық шалуды міндеттейді. Және Пайғамбарымыз с.ғ.с. "Жағдайы келе тұра құрбандық шалмаған адамдар біздің намаз оқитын орнымызға жақындамасын" дейді. Яғни бұл талаптар жағдайы бар адамдарға құрбандық шалудың міндет екенін көрсетіп тұр", – деп жауап берді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен бірге Бас мүфти ислам дініндегі көп мерекелерде халыққа көмек көрсетілетінін атап өтті.

"Құрбандық малының да бір бөлігі мұқтаж жандарға беріледі. Тіпті толықтай беруге де шариғатымыз рұқсат етеді. Егер бір кісі құрбан шалса, сол малдың етін толығымен мұқтаждарға беріңіздер дей алады. Біз осы салада көп жыл жұмыс істедік және көрген тәжірибемізде көп адамдар құрбандық уақыты жақындағанда мешіттерге келіп, тізімге тіркеліп, көмек алады. Қарттар және балалар үйлері де өздері хабарласып, Құрбан айтта бір жылға жететін ет жинайды. Оларды тоңазытқышта сақтап, келесі жылға дейін пайдаланады. Яғни құрбандықтың өзі қайырымдылық ретінде елімізге үлкен көмек болып келді", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Qurban2021.kz сайты іске қосылды: Құрбан шалуға қандай талаптар қойылады


ҚМДБ жұт болып жатқан жерлерде шама-шарқынша көмек қолын созып жатыр.

"Үкіметтен де қаражат бөлініп жатыр және бұл мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Сондықтан ұсыныс жасап жатқандарға рақмет, шариғаттың талап еткен шарттарын мүфтилер немесе ғалымдар өзгерте алмайды. Былтыр да, биыл да індет жағдайында құрбандық шалуға және үлестіруге жетіліп келе жатырмыз. Алла тағала ниетімізді қабыл етсін", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр