Қуанышбек Есекеев президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
"Қазақтелеком" АҚ төрағасы болған Қуанышбек Есекеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Орталық комуникация қызметі
Бұл туралы 10 маусымда Ақорда мәлімедеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Қуанышбек Есекеев бұған дейін біраз орындарда қызмет атқарған. Атап айтқанда:
- 2019 жылдың 25 қаңтарында "Кселл" АҚ директорлар кеңесінде;
- 2022 жылғы 16 наурызда "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қуанышбек Есекеев басқарма төрағасы қызметіне сайланды;
- 2022 жылғы 24 мамыр – Қуанышбек Есекеев "Кселл" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан мерзімінен бұрын шығарылды;
- "Қазақтелеком" басшысы 2022 жылғы 23 мамырда "Мобайл Телеком-Сервис" байқау кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”