Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым концертінде Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындамақ (видео)

Үлкен сахнаға шыққанына 1 жылдан енді асса да Қуандық Рахымды бүгінде қалың қазақ елі таниды. Небәрі бір жылда 50-ден аса ән жазып, бірнеше бейнебаян түсірген әнші жақында жеке концертін бермекші. Қазіргі таңда Қуандық тұңғыш ән кешіне қызу дайындалуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Дәстүрлі ән мен эстраданы қатар алып жүрген Қуандық бұл кеште тыңдармандарына түрлі тосынсый жасамақ. Солардың бірі – Қуандық КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен бірігіп дуэт орындайтын көрінеді.

Қуандықтың продюсері Жанна Әбуова инста-парақшасында Қуандық пен Ақботаның ән айтып тұрған сәтін жүктеп: “Концертте бір тосынсый бар. Жуырда”, – деп жұртты қызықтырып қойды.

Тыңдармандар қос өнерпаз дуэт айтады деп топшылады. Бұл жаңалықты желі оқырмандарының бір тобы оңды қабылдаса, екіншілері теріс пікір білдірді.

Концертте бір тосын сый бар. Жуырда‼️

Публикация от Zhanna (@zhannaabu)

Жіберіп алмаңыз:

Жеке өміріндегі шудан кейін Баян Мақсатқызы қалай өзгерді? (фото)

Ернар Айдардың концертінің соңы жаппай айқай-шуға ұласты (фото,видео)

Әнші боп туған жоқпын: Роза Рымбаева күйеуімен бірге қандай жұмыстар істегенін айтты

Динара Қырықбаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Талқылау