Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Куәгерлер "Оператор РОП-тың" соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсетті": Депутат мәселе бақылауда болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырауда "Аманат" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлердің утилизациялық алым жинайтын "Оператор РОП" қызметінің соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Саиров партия кеңесінің құрамында белгілі заңгерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары бар екенін баса айтты. Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі өз жұмысы барысында өңірлердің проблемаларына ғана емес, қоғамда кеңінен талқыланып жатқан резонанс тудыратын мәселелерге де назар аударады. Осы орайда кеңес төрағасы утилизациялық алым жинайтын "Оператор РОП" қызметінне қатысты мәселеге тоқталды.

"Әділетті Қазақстан шындыққа және заңды қатаң сақтауға негізделген. Барлығы заңға сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі, жақында "Оператор РОП" деп аталатын ұйымның бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот процесінде көптеген куәгерлер сыбайлас жемқорлық арқылы табылған қаражаттың түпкілікті пайда алушысы Әлия Назарбаева екенін көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де процесс барысында бұл азаматтардың уәжіне назар аудармады. Егер біз Қазақстанда әділ қоғам құрғымыз келсе, мұндай жағдайда әрбір азамат сотқа жүгініп, өзінің кінәсіздігін дәлелдеу керек", – деді депутат.

Сондай-ақ депутат бұл мәселе кеңестің бақылауында болатынын, Бас прокуратураға тиісті хат жолданатынын айтты.

Талқылау