ҚТЖ әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары 159 миллион теңге жымқырған
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әскерилендірілген теміржол күзеті ЖШС бас директоры, оның орынбасары мен менеджерге үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: train-photo.ru
Әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 миллион теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды
Сондай-ақ бас директор Наханов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ол әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастырған. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ал орынбасар Мұқатаева мен менеджер Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"