КТК телеарнасы Назарбаевтың арна акцияларын сатып алуына қатысты пікір білдірді
"Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ КТК телеарнасы акцияларын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев сатып алды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін бірқатар басылым Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деп хабарлаған болатын.
"Тұңғыш президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпарат жаңсақ екенін мәлімдейміз", - делінген хабарламада.
КТК телеарнасы 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акция орналастырған. Оның ішінде 2 396 156 акцияны КТК телеарнасының ірі акционері – "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" жеке қоры сатып алған.
"Оқырман қауымды жаңылыстырмау үшін әріптестерімізден болашақта ресми ақпаратқа сүйенуді және популистік тақырыптардан аулақ болуын сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.
Мұндай мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалған.
Талқылау
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр
Дәрігерлердің айтуынша, қазір елдің оңтүстігі мен солтүстігінде тұмау вирусының белсенділігі артқан
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді