Кремль Пригожиннің өліміне Путиннің қатысы бар деген айыпқа жауап берді
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өліміне Путиннің қатысы бар деген айыптарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

23 тамыз күні кешке Тверь облысында "Вагнер" жеке әскери компаниясының өкілдері мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Көпшілігі Пригожиннің өліміне Ресей президентін кінәлауда. Ал тағылған айыпты Песков "жала" деп атады.
Оның айтуынша, әзірге ұшақ апатына қатысты нақты дерек жоқ.
"Бұл жерде, мәселені тек фактілерге негіздеу қажет. Әзірге нақты дерек жоқ. Ол қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері барысында нақтыланады. Кеше осы тақырыпта сөз қозғаған президент тергеудің жақын арада аяқталатын, нәтижелерін күтіп отырғанын жеткізген еді. Тергеудің ресми қорытындысы жарияланады", - деді.
Сондай-ақ ол Владимир Путиннің соңғы кездері Евгений Пригожинмен кездеспегенін айтты.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"