Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР мектептерінде қыздарына орамал шешкізбеген ата-аналар айыппұл төлейді

Қыздарының орамалдарын шешкізбейтін және сол күйінде сабаққа баруды талап ететін ата-аналар ендігі кезекте айыппұл төлейді.

Бұл туралы “Ақ Жайық” басылымы хабарлайды.

Айыппұл ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409 бабы бойынша белгіленіп отыр. Ол бойынша заңға бағынбаған ата-ана 22 мың теңге төлеуі тиіс.  Елімізде бекітілген мектеп талаптарына сәйкес оқушылар діни ерекшелігі бар киімдер киюге болмайды

Атырау облыстық біліс саласына бақылау жасау жөніндегі департаментінің бөлім бастығы Аманбай Хұсыновтың айтуынша, егер мектеп оқушысы мектеп формасына сәйкес тағы да ескерту алатын болса, оның ата-аналары соттың шешімімен екі есе көп айыппұл төлейді.

“Әзірге біздің департаментте мұндай фактілер әлі тіркелген жоқ”, — дейді Хұсынов.

Оқи отырыңыз:

Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды

Алматыда шіріп жатқан қарияға жедел жәрдем көмектеспей кетіп қалған

Ақыларынан желінген сарыағаштық спортшылар қайыр сұрап жүр

Талқылау