Қойдың майы коронавирусты емдей ала ма? Дәрігер жауап берді
Алматыдағы № 9 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Мадина Омарова коронавирусты қойдың майымен емдеудің тиімділігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopCov Almaty Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Дәрігер Мадина Омарова сөзінше, хаттама бойынша медицина қызметкерлерінің қабынуға қарсы майларды пайдалануға құқығы жоқ. Ол қойдың майын ата-бабаларымыз қолданғанын, бірақ қазір оны заманауи жақпа майлар алмастырғанын атап өтті.
"Қойдын майы - бұл халықтық емдеу шарасы, біздің ата-бабаларымыз қолданды, ал қазір мұндай дамыған өндірісте қабынуға қарсы түрлі кремдер мен майлар бар. Хаттама бойынша бізде майлар ұсынылмайды. Біз 2020 жылғы 15 маусымдағы хаттаманы сақтаймыз, сондықтан бізде мұндай майлар жоқ", - деді Мадина Омарова.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 41 065-ке жетті, оның ішінде 188-і көз жұмды, 13 614 адам айықты.
"Балаларының көзінше ұрып, атынан 2 миллион теңге кредит алған": Шымкенттік ер адам әйелін соққыға жықты деп айыпталды
Әпкесінің сөзінше, осы күнге дейін шеккен азабын сіңілісі жасырып келген
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді