Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасындағы апат: Қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыстан көз жұмғандар саны 16-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының мәліметінше жер бетіне 205 кенші шығарылған. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған екен. 

“Оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп тұр”, – делінген хабарламада.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70 ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін, сенім телефондары жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтқан еді. Сонымен қатар үкіметке “АрселорМиттал Теміртаумен” инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Талқылау