Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы Қайрат Боранбаевтың фитнес-клубы мемлекет меншігіне әлі өтпеген

18 қазанда Қостанайдағы ең қымбат фитнес-клубтардың бірі мемлекет меншігіне өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бір ай бұрын фитнес-клуб мемлекет меншілігіне өтетіні айтылды. Алайда бір айдан соң финет-клуб өткен-өтпегені айтылмады. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланған.

Fitnation фитнес-клубы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болды. 2014 жылдың наурыз айында фитнес-клубты сол кездегі Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов салтанатты түрде ашты.

Әкімдік нысан кімнің атында екенін толық түсіндірмеді. Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Наталья Моргуль жағдайға қысқаша түсініктеме берді.

“Бұл нысан Қостанай облысының коммуналдық меншігіне өткен жоқ”, – деді Моргуль.

20 қарашада фитнес-клуб жұмысы жалғасып жатқаны белгілі болды. Алайда әкімшілік басқа түсініктеме беруден бас тартқан көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.

Залалды өтеуіне байланысты сот оның өтінішін қанағаттандырып, Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынды.

Талқылау