Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды
Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тәуелсіздік көшесі 105 мекенжайы маңында тозған құбырдың жарылуы туралы хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де түсті. Жөндеу жұмыстарына арнайы бригада қызметкерлері мен 3 техника жұмылдырылды. Осыған байланысты Тәуелсіздік көшесіндегі №105, 107 көпқабатты үйлер мен Халыққа қызмет көрсету орталығы және Козыбаев көшесіндегі № 96, 98 үйлер судан ажыратылды", – делінген Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Құбырды қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған. Тұрғын үйлерге су жеткізіледі.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"