Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қараусыз қалған екі бала өрттен көз жұмды

Қостанай облысында қос бүлдіршін түтінге тұншығып өлді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.  

дом

Ата-анасы 2 және 4 жастағы баласын сыртынан жауып, көрші ауылға азық-түлік алуға кетіпті. Осы кезде жер үй отқа оранған.  Әке-шешесі қызыл жалын ортасынан балаларды алып шыққанымен, бейкүнә сәбилерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиға Фрунзенское ауылында болды. Балалар бөлмесінен шыққан қызыл жалын әп-сәтте бүкіл жиһаз бен заттарды шарпып үлгерген екен. Отқа оранған баспанадан бүлдіршіндерді әке-шешесі өзі алып шыққанымен, түтінге әбден тұншыққан қос сәби шейіт болды. Ата-анасы оларды үйге  жалғыз тастап кеткен екен.

"Балалар отпен ойнап, өрт шығуы мүмкін деп болжап отырмыз. Ал олардың өліміне улы түтін себеп болған шығар. Нақтысын тек сот-медициналық сараптамасынан соң ғана айта аламыз. Ал тұрғындардан баланы жалғыз қалдырмауды өтінеміз!" - дейді Қостанай облысы ТЖД бас маманы Гүлдана Әлмағамбетова.

Талқылау