Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді
Жасырын цехты ұйымдастырған қостанайлық ер адам ұсталды. Оны Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімінің қызметкерлері «Байкал» маркалы төрт тапаншаны 32 патронымен сатайын деп тұрғанда қолға түсірген.

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.
Ол мылтықтарды жасырын түрде сұраным бойынша қайта жасап беріп отырған.
Күдіктіге тінту жүргізілгенде, оның гаражы мен цехынан 2 тапанша, 3 тегіс ұңғылы және шағын ұңғылы мылтықтар, 3 ПМ тапаншасының бәсеңдеткіші, түрлі калибрге 2 мыңның сыртында патрон, оқ ататын қарулдардың қосалқы бөлшектері, қару жөндеуге қажетті жабдықтар, патрондар жасайтын заттар, 500 грамм оқ дәрі және 8 аңшы пышағы табылған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу және сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалады
Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қыз балалар туралы айтқан хадистері
Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды
Көліктегі полиция: "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар қарау үшін сотқа жолданды"
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі мен шетелден көлік әкелу тәртібі қайта қаралады: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады