Қостанайда итті мөшекке салып, балғамен ұрған үш адам ұсталды
Қостанайда итті аяусыз өлтірді деген үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті мәлімдеді.
"Жануарларға қатыгездік" бабы бойынша тергеу басталды.
"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен үш қостанайлық ұсталды. Олар 35 және 63 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда белгісіз біреулер мөшекке салынған итті балғамен ұрған. Қостанай тұрғыны өзінің инстаграм парақшасында бақылау камераларынан түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда екі ер адамның итті мөшекке салып алып бара жатқанын көруге болады.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған