Қостанайда екі баланың анасы жоғалып кетті
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында екі баланың анасы жоғалып кетті.

Анастасия Сальниктің айтуынша, әпкесі 29 жастағы Ольга Сальник 2 қазан күні үйінен шығып кеткен. Ол Әулиекөл ауданының тұрады. Әйел дәріхана барып келетінін айтып үйінен шығып кеткен.
“Әпкемнің қайда екені белгісіз. Анам уайымдап жүр. Білетін жандар болса, хабар беруін сұраймыз. Ол екі баланың анасы”, – дейді сіңлісі.
Ольга Сальниктің ұялы телефоны өшіп тұр. Қазіргі уақытта полицейлер іздеу шараларын жүргізуде. Ақпарат білген жандар болса, 87753171042 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұраймыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған