Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін түрмеге қамалды
Қостанай облысының аудандық соты терроризмді насихаттады және діни алауыздық тудырды деген айыпталған күдіктіге үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп, сотқа жіберді.
“Сотталушы интернеттің әлеуметтік желілерінде діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді, лаңкестік шабуылдар мен кепілге алынған адамдарды өлім жазасына кесу көріністерін, сондай - ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын жариялады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Сот процесінде күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Қылмыскер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім 2023 жылдың 20 қыркүйегінде заңды күшіне енді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды