Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 11 жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай облысының полиция қызметкерлері Қарасу ауданында 11 жасар қызды өлтірген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Қостанай облысында 11 жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды

Айта кетейік, баланың денесі 21 мамырда Восток кентінен табылған болатын. Полиция қызметкерлері 11 жасар қызды өлтірген ер адамды бір тәуліктің ішінде ұстады. Ол Қарасу кентінің 46 жастағы тұрғыны екен және күдікті жауап алу барысында қызды өлтіргенін мойындаған.

11 жасар қызды өлтірген күдікті Қарасу ауданының уақытша ұстау абақтысына орналастырылды. Бұл іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Полиция бөлімшесіндегілер, іс бойынша тергеу жұмыстары Ішкі істер департаментінің облыстық басқармасының бақылауында болғанын айта кетті. Қылмысты анықтау үшін ІІД-нің және Қарасу ауданының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Тағы да оқыңыз:

Эскалаторға қолын қысып, жарақаттанған қыздың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Қарағандыда мамыр айында қар жауды (видео)

Шымкентте мешітке келушілер ауызашарға берілетін талон үшін төбелесе жаздады

Оралда ерлі-зайыптылар ғаламтордағы нұсқаулар бойынша жасанды ақша басып шығарған

Талқылау