Қостанай облысының әкімі қаза тапқан 5 жасар Мадина Ерланқызының отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтты
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram желісіндегі парақшасында марқұм Мадина Ерланқызының отбасына көңіл айтып, материалдық көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Марқұм болған Мәдина Ерланқызының отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл олардың ғана емес, бүкіл өңірдің қайғысы. Баланы аман-есен табамыз деп бәріміз үміттендік. Өкінішке орай, бұлай болмады", – деп жазды Мұхамбетов.
Сондай-ақ әкім іздеу жұмыстарына белсене атсалысқан еріктілерге, тәртіп сақшыларына және облыс тұрғындарына алғысын білдірді.
"Мен Қостанай облысының аудан әкіміне жерлеуді ұйымдастыруға көмектесуді және материалдық көмек көрсетуді тапсырдым", – деді ол.
Еске салсақ, Қостанай облысында бес жастағы қыз жоғалып кеткен болатын. Үш тәулік іздестіру жұмыстарынан соң кішкентай Мадинаның денесі жасанды су қоймасынан табылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі