Қостанай облысында жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы көз жұмды
13 ақпанда облыс орталығы Қамысты (Қамысты ауданы) аудан әкімдігі жанындағы алаңда биіктігі шамамен 4 метр болатын жаңа жылдық сырғанақ бөлшектелді. Оны бұзу кезінде бір жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ng.kz
Жұмысшы Олег Кизяев сырғанақты бұзып жатып сағат 17:00 шамасында биіктіктен құлап, шамамен 23:00-де аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр.
Науқастың көз жұмғанын облыстық орталық аурухананың бас дәрігері Ермік Жұматаев растады.
“Адам қайтыс болса, анатомиялық зерттеу жүргізу үшін мәйітті соямыз. Осы зерттеу аясында іріктелген үлгілер сот-медициналық сараптамаға жіберіледі”, – деді дәрігер.
Тексеру барысында жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталған не сақталмағаныны да анықталады.
Бұған дейін Астанада футбол алаңында жігітті қақпа басып қалып, көз жұмған еді.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген