Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.
Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Олар қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтейді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған