Қостанай облысында көлік апатынан үш жасар бала қайтыс болды
Қостанай облысында көлік апатынан үш жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

4 қыркүйек күні түс ауа Нечаевка ауылының маңында “Toyota RAV4” және “Нива” көліктері соқтығысты. Апат салдарынан үш жасар бала көз жұмды. Сондай-ақ алты адам жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, “Toyota RAV4” жүргізушісі басып озу қауіпсіздігіне сенбей, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр