Қостанай облысында ер адам саңырауқұлақтан уланып көз жұмды
Қостанай облысында ер адам саңырауқұлақтан уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел жәрдем түнгі 4 қыркүйек күні сағат 12-лер шамасында шақырылған. Дәрігерлер қоңырау шалған жерге үш минуттан кейін жедел жеткенімен, 1977 жылы туған ер адамды құтқара алмады.
"Өлім бригада келгенге дейін болған. Болжам бойынша, шыбынжұт саңырауқұлағынан уланған. Әйелінің айтуынша, ол саңырауқұлақ жеген екен", - дейді дәрігерлер.
Еске салсақ, Қостанай облысында 23 тамыз күні емдік мақсатта дәл осы шыбынжұт саңырауқұлағын қолданған ер адам улану белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер ер адамды құтқарып қалды.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"