Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейлік компания алтын өндіреді": Қостанай облысында астық сақтайтын қойманы жарып жіберді (видео)

Қостанай облысында астық сақтайтын қойма жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

2023 жылдан бері Жітіқара ауданы Пригородное ауылында орналасқан бұрынғы элеватор ғимаратының иесі – "Astana Business Systems" ЖШС. Бұл туралы Жітіқара аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша қойма ғимараты қауіпті деп танылып, оны сүру туралы шешім қабылданған.

"Мамыр-шілде айларында жарылысқа дайындық жасалды. Элеватор ғимаратының жарылуын "Карагандавзрывстройсервис" ЖШС жеті кезеңде тәртіппен жүргізген. 19 шілдеде "Карагандавзрывстройсервис “ЖШС" төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РМУ-дан жарылыс жүргізуге рұқсат алды. 22 шілдеде Жітіқара ауданы әкімдігіне бұрынғы элеватордың апатты ғимаратын жарылғыш затпен бөлшектеу жүргізілгені туралы хабарлама түскен. Аудан әкімдігі полиция бөлімімен бірлесе отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды жауып тастады", – делінген ведомство хабарламасында.

Демонтаждың алғашқы екі кезеңі аяқталды. Қойма ғимаратының орталық бөлігі кәдеге жаратылды.

"Жарылыс кезінде сирена қосылып, тұрғындарға хабарланды. Элеватор аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі дыбыс толқыны далаға өтуі үшін ғимарат қабырғасы арнайы топырақпен көмілді", – деп қорытындылады ведомство.

БАҚ-тағы ақпаратқа сенсек, енді бұл алаңда ресейлік "Polymetal" тау-кен компаниясы алтын өндіреді.

Талқылау