Қостанай облысында бір отбасының төрт мүшесі мерт болды
Қостанай облысында өрт салдарынан бір отбасының төрт мүшесі мерт болды. Олардың арасында кішкентай бала да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хризотил КМ" басылымына сілтеме жасап.

"Бүгін түнде Жітіқараның ескі бөлігінде қайғылы жағдай болды. Комсомолькая көшесінде орналасқан үйлердің бірі өртенді. Үйде бір отбасының төрт мүшесі, олардың арасында екі жасар бала болған.
Өкінішке орай, барлығы газға уланып, мерт болды. Көршілерінің айтуынша, отбасы берекелі болған. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – делінген басылымның Instagram парақшасында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"