Қостанай облысында ауыл әкімі асылып қалған
19 наурыз күні Қостанай облысындағы үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: tobolinfo.kz
БАҚ-тағы ақпаратта ер адамның Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев екені, шенеуніктің өз-өзіне қол салғаны туралы айтылған.
Қостанай облысының полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанын растады, алайда марқұмның кім екені туралы ақпарат берілмеген.
"Ұзынкөл ауданындағы бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.
Заңға сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпарат жария етілмейді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған