Қостанай облысында агрокомпанияның қоймасындағы ірі өртті сөндіруге бес сағат кеткен
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы серіктестігінің кептіру камерасында 200 шаршы метр аумақта өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт 2 желтоқсанға қараған түні Қостанай облысының Федоровка ауылында болды. Жеке дән кептіргіште 20 тонна тұқым өртенді.
Өрт аумағы 200 шаршы метрге тең. Өрт сөндірушілер жалынмен бес сағаттан астам күресті. Қоймалар астық және басқа да дақылдар өсіретін жергілікті ауыл шаруашылығы серіктестігіне тиесілі екені белгілі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған