Қостанай облысында 17 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
Қостанай облысы Аманқарағай ауылында еріктілер жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

17 жасар Алина Тятихтың жоғалғаны туралы ақпаратты "10-аймақ" іздестіру жасағының еріктілері өз парақшасында жариялады. Бойжеткен 25 шілде күні кешкісін Аманқарағай ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Таңертең анасы полицияға арызданған.
"Полиция дереу қыздың болуы мүмкін жерлерін тексеріп, туыстарынан, жақын достарынан сұхбат алды. Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар мен жақын маңдағы орман аумағын тексерді. Іздестіру жұмыстарына полициядан бөлек, қыз оқыған колледждің оқытушылары, еріктілер мен ауылдың қамқор тұрғындары жұмылдырылды", – делінген полиция хабарламасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар