Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қосымша ақы алады: Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі" туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

303 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынбақ

Сонымен қатар, президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұғалімнің мәртебесі, студенттер мен оқытушылар жүктемесін азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспа түрінде жарияланады.

Құжатта оқытушылардың құқықтық мәртебесінің, олардың әлеуметтік қорғалуының сапалы жақсаруына ықпал ететін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу қарастырылған.

Атап айтсақ, жалақыны 25 пайызға көтеру, мұғалімдерді әдеттен тыс қызметтерге тарту үшін айыппұл салу. Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандырудың нормалары қарастырылған - бұл сыныпты басқарғаны және дәптерлерді тексергені үшін қосарланған төлемдер; педагогикалық шеберлік үшін үстеме ақы; барлық мұғалімдердің демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту; тәлімгерлік және басқа шаралар үшін қосымша төлемдер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр