Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшелер өртке оранды": Франциядағы наразылықтар тәртіпсіздікке ұласты (видео)

Францияда зейнеткерлік жастың ұлғайтылуына байланысты наразылықтар басталып, арты тәртіпсіздіктерге ұласуда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mash телеграм арнасына сілтеме жасап.

францияТүсірілімнен скриншот

Олар Парламентті айналып өтіп, көшені өртей бастады.

Францияның ірі қалаларының көшелері өртенуде. Билік халықтың пікірімен санаспай,  зейнеткерлік жасты 62-ден 64 жасқа өзгертіп, заң қабылдағаннан кейін мыңдаған адамдар көшеге шықты.

Көшедегі көліктер мен қоқыс жәшіктері, құрылысты өрт жалмады. Полиция наразы қауымды таратпақ, бірақ көтеріліс басылмай жатыр.

Париждегі келісім алаңында манифестанттардың полициямен қақтығысы күшейе түсті, қауіпсіздік қызметкерлері көзден жас ағызатын газды қолданды.

Франция премьер-министрі Элизабет Борн зейнетақы реформасы демократиялық процедуралардан өткеніне сенімді. Енді зейнет жасын ұлғайту заңнамалық деңгейде бекітіліп, алты айдан кейін күшіне енеді.

Естеріңізге салсақ, Франция президенті Эммануэль Макрон сайлауалды жобасында зейнеткерлікке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін арттыру туралы заңды атап өтті. Бұл 2030 жылға қарай кезең-кезеңімен жасалады. Бұған халық наразылық білдірген еді.

Талқылау