Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшеде опа-далап саттым": Айжан Байзақова табысты болуының құпиясын ашты

Атышулы блогер Айжан Байзақова балалық шағынан сыр шертіп, табысты болуының сырын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Блогердің айтуынша, бала кезінен сауда-саттықпен айналысып, ақша табуды үйренген. 

“Ата-анам маған ешнәрсе қалдырған жоқ. Мен бай отбасынан шыққан жоқпын. Осы күнге дейін өзім еңбектеніп келемін. Әртүрлі және әр жерде жұмыс істедім. Жарнамаға түстім, киім сататын дүкенде жұмыс істедім, көшеде 1000 теңгеге оп-далап саттым. Бала үшін бұл қиын жұмыс еді. Бірақ мен мойымадым. Қосымша тиын табуға тырыстым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым, өйткені мен тек өзіме сенетінмін. Тұрмысқа шыққан кезде жолдасым бұл пікірмен келіспейтінін айтты. Бірақ оған бола көңіл-күйімді түсірмедім. Конфликт тудырып, ойымыздың бір жерден шығуына әрекет еткен жоқпын", – дейді блогер. 



Одан кейін балаларына да осы жолы таңдатып, мұраға ештеңе қалдырмайтынын жасырмады. 

“Мен үнемі айтып жүремін. Ол ойымнан айныған да емеспін. Балаларыма ешқандай мұра қалдырмаймын. Олар өздері еңбектеніп, жұмыс істеп, мұра жинайды. Әрі өз бетінше шешім қабылдап, өмір сүруге үйренеді”, – деп жазды инстаару. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/ 

Айта кетейік, блогер жақында отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалып келді. 

Талқылау