"Қош келдің, батыр": Ерке Есмаханның ағасы күйеу баласына өлең арнады
Ерке Есмаханның имам ағасы Бауыржан Есмахан күйеу баласына жыр арнап, желіге жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Махаббат майданында, кейбір жігіт машинамен ұрлаған,
“Махаббат жасқа қарамайды” деп бабалар да жырлаған.
Бұл туралы көршілер де ырлаған,
Қош келдің, батыр,
Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған”, – деп қайын ағасы өлең шумақтарын арнады.
Жазбаның астында Райым пікір қалдырып, қайын ағасына өтініш жасаған.
Оның “Қайын аға, сіздің үйге барып тұрсам қалай қарайсыз?” деген сауалына имам ағасы: “Мен де әйелімнің үйінде тұрып жатырмын, рұқсат берсе”, – деп жауап берді. Ерке Есмахан да: “Екеуің бір үй жалдап, бөлек шығып кетсеңдерші”, – деп әзілді жалғай жөнелді.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”