Алматыда Гелендваген қатысуымен болған апатта екі қыз қаза тапты
Алматыда түнде Mercedes G-Class және Suzuki көліктерінің қатысуымен өліммен аяқталған апат болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты таңғы сағат 3:10 шамасында Алатау ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Шарипов көшесінің қиылысында болды.
Полицияның мәліметінше, Suzuki жүргізушісі кері бұрылыс кезінде Mercedes көлігіне жол бермей, көліктердің соқтығысуына себеп болған.
Suzuki жүргізушісі мен жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Suzuki көлігіндегі тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық тергеу бастады. Қазір барлық мән-жай тексеріліп жатыр.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
