Коронавирустың тек вакцинацияланған адамдарда кездесетін белгісі анықталды
Британдық ғалымдар коронавирустың тек вакцинацияланған адамдарда кездесетін белгісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең үлкен COVID-19 зерттеу және симптомдарды бақылауға арналған ZOE COVID Symptom Study мәліметтері бойынша, вакцинацияланған адамдарда инфекция алдымен жиі түшкіру арқылы көрінеді. Бұл ретте, мұндай белгі екпе алған адамдарда бұл коронавирустың емес, керісінше суық тию немесе аллергия деп саналады.
Ғалымдардың пікірінше, бұл симптом ең көп таралған белгілердің қатарына кірмейді.
"Егер сіз вакцина алып, себепсіз көп түшкіре бастасаңыз, үйде қалып, COVID-19 тестін тапсыру керек, әсіресе егер жұқтыру қаупі жоғары адамдармен тұрсаңыз немесе жұмыс жасасаңыз", – деп қорытындылады зерттеу авторлары.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді