Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды
CОVІD-19 кейбір науқастарда әдеттегі өзге белгілермен, атап айтқанда дене температурасының төмендеуімен көрінуі мүмкін. Бұл туралы терапевт және медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда дәрігер айтқан бұл симптомды бірқатар басқа ауруларда байқауға болады.
"Төмен температура гипотиреозда, онкологияда, орталық жүйке жүйесінің онкологиясында, орталық жүйке жүйесінің жарақаттары мен бауыр ауруларында да кездеседі", - деді ол.
Дәрігер коронавирус кезінде бауыр да қатты зардап шегетінін, ал ол адам ағзасын "жылытуға" жауапты екенін атап өтті.
Оның айтуынша, коронавирус жағдайында температураның төмендеуі балалар мен егде жастағы науқастарда жиі байқалады. Бұл туа біткен ерекшелік болуы да мүмкін, сонымен қатар кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдаудың немесе есірткіге тәуелділіктің салдарынан туындайды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады