Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың өміршеңдігі туралы даулы жаңалық қазақстандықтарды алаңдатты

Коронавируспен ауырып шыққан науқастар вирус адамның бойында 90 күн өмір сүре алады деген жаңалыққа алаңдаулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Үш ай бойы коронавирустың бөлшектері назофаринсте сақталатыны туралы мақалалар көптеген сайттарда жариялануда. Коронавируспен ауыратындар 90 күнге дейін жұқпалы болуы мүмкін деген тақырып халық арасында қызу талқыға түсті. Бұл ақпаратты басылымдар Роспотребнадзорға сілтеме жасай отырып таратқан. 

Анна Попова вирустың бөлшектері ұзақ уақыт бойы қауіпті болып қалады деп мәлімдеді. Алайда Роспотребнадзор бұл жаңалықты естіген кезде қатты таңқалған. Олар мұндай ақпарат таратпағанын айтады.

"Вирустың өміршеңдігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Аурудың 20-күнінен кейін, тіпті орташа, ауыр деңгейдегі науқастарда ПТР арқылы мұрын қуысынан оқшауланатынын айтты. Яғни, адамның организмі осы уақытқа дейін өміршең болып келген гинетикалық бөлшектерден арылады. Вирус әуелі көбейді, артынша организм антиденелер мен Т-клеткалардың көмегімен вирусты жансыздандырады", - дейді Роспотребнадзор орталық эпидемиология институты клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі директор Наталья Пшеничная.



Бұл жаңалық елімізде де белсенді түрде талқыланды. Отандық мамандар коронавирустың адамның бойында екі аптадан артық өмір сүретіні туралы айтқан. Әсіресе, науқастың қатар жүретін созылмалы ауруы болса, вирустың қаупі басым болады. 

"Вирустың адам бойында ұзақ уақыт сақталатыны туралы осыған дейін де айтылды. Бірақ адам ағзасында қанша күн сақталатынын нақты айту үшін зерттеу жүргізу керек.  Менің ойымша вирус организімі әлсіз адамдардың бойында әлдеқайда көп сақталады. Әсіресе, ЖИТС инфекциясына шалдыққан, онкологиялық аурулары бар адамдарға төнетін қауіп жоғары", - дейді Ляззат Ералиева. 

Талқылау